Еліміздегі азаматтық авиация саласының жай-күйі мен оны жетілдірудің перспективалары туралы мәселе үкіметте қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі азаматтық авиация саласының жай-күйі мен оны жетілдірудің перспективалары туралы мәселе үкіметте  қаралды

Еліміздегі азаматтық авиация саласының жай-күйі мен оны жетілдірудің перспективалары туралы мәселе үкіметте қаралды

Үкіметте еліміздегі азаматтық авиацияны одан әрі дамыту мәселесі жалғасуда.

  • 25 Қараша 2005
  • 774
Фото - Caravan.kz

Саланың жай-күйі мен оны жетілдірудің перспективалары туралы мәселе премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен қарашаның 24-інде түске дейін өткен кеңесте қаралды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, үкімет басшысына көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитеті әзірлеген Азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы ұсынылды.
Жобаны әзірлеушілер атап өткендей, бағдарлама жобасы еліміздің әуе көлігі жүйесін одан әрі дамытуға және бәсекелестігін арттыруға бағытталған.
Көлік және коммуникация министрлігінің деректері бойынша, бүгінде жолаушылар және жүк тасымалы бойынша ішкі және халықаралық ұшуды 27 қазақстандық әуе компаниясы жүзеге асырады. Биылғы жылғы 10 ай ішінде 1396,5 мың жолаушы тасымалданған, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісінше кезеңімен салыстырғанда 26,1 пайызға артық. Болжамды деректер бойынша, Қазақстан рыногында коммерциялық жолаушылар тасымалы 2005 жылы 2,2 миллион жолаушыдан 2015 жылға дейін 11,7 миллионға өседі.
Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің транзиттік қозғалысының өсуі байқалып отыр.
Әуе тасымалының аталған болжамды өсімін қамтамасыз ету үшін жаңа әуе кемелеріне деген жиынтық сұраныс 2015 жылға 1-3 сыныпты 60-70 әуе кемесін қажет етеді. Қазіргі кезде 30 әуе кемесі жолаушылар тасымалымен тұрақты айналысуда, оның ішінде 12-сі батыс өндірісінің ұшағы. Жалпы елімізде 689 тікұшақ және ұшақ бар, оның 119 жолаушылар ұшағы. Олардың негізін ескірген Ан-29 және Як-40 ұшақтары құрайды. Осы ретте олардың 62 пайызы жарамды және ұшақтардың орташа пайдалану мерзімі 20 жылға жетіп қалған. Болжам бойынша 2010 жылға дейін кеңестік кезеңде немесе ресейде өндірілген 12 ұшақты ғана пайдалануда болады.
Үкімет басшысының атап өткеніндей, саланың одан әрі даму перспективасын анықтауда бірінші кезекте ұшақтың қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті және ұшақтар паркінің жаңартылуын қамтамасыз ету мәселесін ескеру керек.
Бұдан басқа, үкімет басшысының пікірі бойынша, мемлекеттік қолдау көбінесе өңірлік әуе компанияларын дамытуға бағытталуы тиіс.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бағдарлама жобасында ұшақтар паркін жаңалау, азаматтық авиация саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, соның ішінде еуропалық авиация стандарттарын енгізу, әуе тасымалы рыногын дамыту және кеңейту қарастырылған. Сондай-ақ жоба аясында жерүсті инфрақұрылымы нысандарын жаңарту және дамыту, ұшып-қону алаңын және аэровокзал кешенін қайта құру жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, ірі компаниялардың бірі «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының стратегиялық жоспарына сәйкес, 2006 жылы Астанадан Атырау және Ақтау, сондай-ақ Алматыдан Шымкент, Өскемен және Қызылорда бағыттарында қызмет көрсететін Боинг-737-800 немесе Эйрбас-320 үлгідегі 4 әуе кемесін операциялық лизингке, сондай-ақ 2 дана Боинг-757-200 алу жоспарланып отыр. Келешекте 150 орынды 3 орта магистралды ұшақ сатып алуға тапсырыс беру қарастырылады.
Еліміздің әуе компанияларының болжамды деректері бойынша, биылғы жылы 1,5 млн. жолаушы тасымалданатын болады, оның ішінде миллионға жуық жолаушыға тек «Эйр Астана» әуе компаниясы қызмет көрсетеді.
Ұсынылған ақпаратты тыңдай келе, үкімет басшысы әуе кемелерін сатып алу және операциялық лизингке алу көлемі көзқарасы тұрғысынан бағдарлама жобасын бір ай ішінде пысықтай түсуге тапсырма берді.
Бұдан басқа, үкімет басшысы «Казаэронавигация» РМК-нын одан әрі дамыту мүмкіндігін қосымша зерттеуді тапсырды.
Саланы жетілдіру, оның бәсекелестігін арттыру үшін әуе қызметінің сапасын арттыруға басты назар бағытталуы тиіс, деп атап өтті премьер-министр.

Перейти к новостям спорта