Еліміздегі азаматтық қоғам қалыптастырудағы бала құқығының рөлі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі азаматтық қоғам қалыптастырудағы бала құқығының рөлі

Еліміздегі азаматтық қоғам қалыптастырудағы бала құқығының рөлі

Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады.

  • 8 Қараша 2017
  • 1571
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы осы бір терең пәлсапалық сөздің тереңіне үңіліп көрді.

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы
Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды.
 

1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан – адам құқығы күні

Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 — желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген — арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 — тарау, 53 — бап — тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау — біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.

Н.Ә.Назарбаев: «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу — біздің парызымыз»- деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.

Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата — аналар, бағып — қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата — аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР — да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата — аналарды ата — аналық құқықтан және баланы бағып — қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата — аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата — ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп — бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай — ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.

Конвенция — Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?

Балалар — бұл бесік арбадағы нәресте, бала бақшаға асыққан сәбилер, бастауыш, 5 — 7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді. Олар — жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді.

16 — 17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз.

Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.

Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата — анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата — аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді. Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата — аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама — қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата — аналарының қалауына қарай әкесінің атына “ұлы”, “қызы” сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата — аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

● Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

● Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

● Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

● Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

● Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

● Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

● Әрбір баланың ой – пікір, ар — ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

● Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

● Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

● Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Конвенция бала азаматтығы жайында олардың өмірі мен денсаулығын қорғап, балалардың отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды мемлекеттік міндет деп қарастырған.

Декларацияның 26 — бабында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 — бабында көрсетілгендей:

1. Бастауыш білім баршаға міндетті ал техникалық және кәсіптік білім — көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек.

2. Білім беру адамның жеке басының кемелденуіне, сондай — ақ халықтар арасындағы өзара түсіністікке достыққа ықпал етуі тиіс.

3. Ата — аналар балалары үшін білім беру түрін таңдауға құқықты.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары тегін орта білім алуға міндетті.

— Әрбір баланың жақсы оқып, сабақта өмірге қажетті жаңа және пайдалы білімдерді беріп отыруға құқығы бар. Құқық — адамның міндеті де болып табылады.

— Құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін берілген. Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған.

Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата — аналар, бағып — қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата — аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР — да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата — аналарды ата — аналық құқықтан және баланы бағып — қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата — аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата — ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп — бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай — ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.


Бүгінгі таңда республикада сәби жастан кәмелетке толғанға дейінгі жас аралығында 5 миллионға жуық бала өмір сүреді (0 -18 жас). Оның ішінде: 1 млн. 508 мыңы – мектеп жасына дейінгі балалар, 3 миллионға жуығы – мектеп жасындағы балалар, олардың әрқайсысы түрлі деңгейдегі мемлекеттің қамқорлығына мұқтаж.

Республикада балалық шақ мәселесімен айналысатын 9 министрлік пен ведомство, әр түрлі үкіметтік емес ұйымдар бар, олар өз құзіреті шегінде қызметтерін атқарады.

Аталған мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді неғұрлым жақсарту бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында республикада алғаш рет баланың мүддесін қорғауды басқарудың жаңа мемлекеттік жүйесі құрылды. Оның басты құрамдас бөлігі – адамның адамгершілік-рухани дамуы.

Бұл жүйенің үйлестіруші органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады.
Республикадағы балалардың жағдайын жақсарту мәселелерін тиімді шешу үшін, Комитет 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсанындағы № 1245 қаулысымен бағдарлама бекітілді. Бұл бағдарламада балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы үлгісіне жақындатылған жағдайлармен қамтамасыз ету көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 білім берудің арнайы түзету ұйымын, кәмелетке толмағандарға арналған 3 оңалту орталығын, 6 отбасы үлгісіндегі балалар ауылын, 12 жасөспірімдер үйін, 15 отбасы үлгісіндегі балалар үйін, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарының санын көбейту жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Аталған Комиссияның жұмысшы органы Білім және ғылым министрлігі болып табылады, ол балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен іс-қимылын дамытудың бастамашысы болды. Комиссияның отырыстарында қиын өмір жағдайындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, тәрбиелеу колонияларынан оралған және сәтсіз отбасыларда тұрып жатқан кәмелетке толмағандарға жағдай жасау, жасөспірімдер суициді және балалар мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық проблемалары, республикада ювеналдық әділет жүйесін жасау, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларын сапалы және теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету мәселелері қаралып, тиісті шаралар қабылданды.

Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі Комитеттің негізгі серіктестері – барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволар, әр түрлі халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және ата-аналар жұртшылығы.

Тиімді ведомствоаралық жүйе құру үшін Комитет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен балалық шақ мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметін саралаудан өткізіп, республикалық деректер банкісін жасады. 2008 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша республикада мұндай үкіметтік емес ұйымдардың саны – 604. Комитет олардың кейбірімен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға, шарттар мен келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарына, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Комитет БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорымен бірлесіп «Әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» Жылдық Жұмыс Жоспарына қол қойды. Онда балалардың құқықтарын қорғау мен іске асыру мониторингісін жүргізу, отбасыны қолдау қызметі, БҰҰ бала құқықтары жөніндегі Комитеттің ұсынымдарынан халықтың хабардар болуы үшін коммуникациялық кампаниялар өткізу сияқты бағыттарда ынтымақтастық көзделген.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында Жоғарғы сот, Бас прокуратура, әділет және ішкі істер минитрліктері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған сот, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдерінің қатысуымен «Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің атына тұрғын үйді бекіту мен сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халықтарына Жолдауын насихаттауға және іске асыруға ықпалын күшейту.

Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар, біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына да қатысты. Екіншіден, балалардың мүддесін қорғауға заң жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың мұрагер болу құқығы да жатады. Құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады. Ата-анасының қамқорлық жасауынан айрылған баланы тәрбиелеп, мәпелеу — мемлекеттің, қоғамның қасиетті борышы. Жетімдерге қамқор болу — кез келген халықтың қалыптасқан дәстүрі.

Бүгінгі таңда республика, облыс, аудан көлемінде жетім балалар, мүмкіндіктері шектеулі, мүгедек, көп балалы және жағдайы нашар отбасының балаларын қолдау үшін тегін берілетін аттракциондар, концерттік алаңдарда «Қайырымды жүрек – жомарт қол», «Балаларға көмектесейік», «Әлем-балалар үшін» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Сыйлықтар мен жүлделер беріледі. Біз әрқашан қайырымдылық, қамқорлық жасауды ұмытпауымыз керек. Бала біздің болашағымыз.

Соңғы жаңалықтар