Жарияланды: 470

Еліміздегі бетке ұстар ұялы байланыс желілерінің бірі болып табылатын Kcell бүгін 6 сағаттан астам жұмыс істеген жоқ

Бүгін, 10-желтоқсанда еліміздегі бетке ұстар ұялы байланыс желілерінің бірі болып табылатын Kcell 6 сағаттан астам жұмыс істеген жоқ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Kcell операторларының хабарлауынша, техникалық апат салдарынан желі істен шығып, бүкіл еліміз аумағы бойынша ұялы байланыс жұмыс істеген жоқ. Компаниядағылар бізді Kcell ұялы байланысы Алматы уақыты бойынша 15 сағаттан кейін толыққанды қалыпқа келтіріледі деп сендірді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздегі ұялы байланыс желісін тұтынушылардың жалпы саны 1,4 млн. адамды құрайды. Ал Kcell компаниясының бұл рыноктағы үлесі 60 проценттен кем емес. Kcell ұялы байланыс желісі "GSM Қазақстан" ЖШС-не қарасты. Компания "Қазақтелеком" ұлттық операторының қатысуымен 1998-жылдың қыркүйек айында құрылған. Желі KСell және Activ деген сауда маркаларымен 1999-жылдың 6-ақпанында іске қосылды. Желі еліміздің 100-ден астам қалалары мен елді мекендерін, сондай-ақ, Астана-Көкшетау, Астана-Қарағанды, Алматы-Шымкент, Алматы-Талдықорған, Астана-Павлодар, Балхаш-Қарағанды тәрізді маңызды автожолдарды қамтиды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін