Еліміздегі білім беру саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы Павлодарда өтетін кеңесте талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 482.49
  • 556.75
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі білім беру саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы Павлодарда өтетін кеңесте талқыланады

Еліміздегі білім беру саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы Павлодарда өтетін кеңесте талқыланады

Еліміздегі білім беру саласын 2015-жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасы Павлодарда өтетін кеңесте талқыланады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

14-15-қаңтарда ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев аймаққа жұмыс бабындағы сапармен ат басын тірейді. Ол ҚР білім беру саласын 2015-жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылауа арналған кеңеске қатысып, облыс әкімі Қайрат Нұрпейісовпен кездеседі, сондай-ақ, қаладағы бірнеше мектеп пен колледждерде болады.

Алдағы уақытта тұжырымдама жобасын сарапқа салуға арналған осындай кеңестер мен кездесулерді республиканың көптеген өңірлерінде өткізу көзделіп отыр.