Жарияланды: 470

Еліміздегі білім беру саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы Павлодарда өтетін кеңесте талқыланады

Еліміздегі білім беру саласын 2015-жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасы Павлодарда өтетін кеңесте талқыланады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

14-15-қаңтарда ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев аймаққа жұмыс бабындағы сапармен ат басын тірейді. Ол ҚР білім беру саласын 2015-жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылауа арналған кеңеске қатысып, облыс әкімі Қайрат Нұрпейісовпен кездеседі, сондай-ақ, қаладағы бірнеше мектеп пен колледждерде болады. Алдағы уақытта тұжырымдама жобасын сарапқа салуға арналған осындай кеңестер мен кездесулерді республиканың көптеген өңірлерінде өткізу көзделіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін