14-15-қаңтарда ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев аймаққа жұмыс бабындағы сапармен ат басын тірейді. Ол ҚР білім беру саласын 2015-жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылауа арналған кеңеске қатысып, облыс әкімі Қайрат Нұрпейісовпен кездеседі, сондай-ақ, қаладағы бірнеше мектеп пен колледждерде болады.
Алдағы уақытта тұжырымдама жобасын сарапқа салуға арналған осындай кеңестер мен кездесулерді республиканың көптеген өңірлерінде өткізу көзделіп отыр.
Еліміздегі білім беру саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы Павлодарда өтетін кеңесте талқыланады
