Т.Қизатованың айтуынша, сотқа шағым түсіруге қалалық қаржы, білім беру, хлақты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қалалық салық комитетінің бюджеттің кірісі мен шығыстары жөніндегі ақпараттарды беруден бас тарту дерегі себепкер болды.
Үкіметтік емес ұйымдар Сорыс-Қазақстан қорының «Салық мәдениетін қалыптастыру» атты қоғамдық бірлестікпен бірлесе жүзеге асырып жатқан «Kazakhstan Revenue Watch» бағдарламасының аясындағы «Үкіметтік емес ұйымдардың бюджет қалыптастыру процессіне атсалысу белсенділігін арттыру» жобасына сәйкес мәліметтер жинауда.
«Kazakhstan Revenue Watch» бағдарламасының директоры Антон Артемьевтің айтуынша, жоба аясында Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен қалаларының бюджетінің ашықтығына республика тұрғындарына Ата заңға сәйкес кепілдендірілген әрі аталмыш қалалардың жергілікті бюджеттерінен қаржыландырылатын әлеуметтік салық түсімдері, әлеуметтік мақсаттағы шығындар мәселесі бойынша мониторинг жүргізу көзделген.
«Жобаны Атырау қаласында жүзеге асыру барысында ақпарат жинау сатысында қиындықтар туындады. Қаладағы профильді мекемелер жолданған сауалдарға не шығарып салма жауап берумен, не болмаса, мүлдем жауап бермей қоюмен құтылды»,- деді Атыраудағы «Заман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арман Табанов. Мәселен, қалалық білім беру бөлімі жиналған әлеуметтік салық мөлшері мен әлеуметтік мақсаттағы төлемдердің көлемі туралы ақпаратты жабық дегенді алға тартып беруден бас тартты.
Ал баспсөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, сұрау салынған мәліметтердің бәрі де мемлекеттік құпиялар қатарына жатпайды, демек, олар ашық ақпараттар деген сөз. «Мүмкін, біз үйге оралған кзде ақпаратты беретін шығар. Олай болмаған күнде біз сотқа шағымданбақпыз. Бұл — әлеуметтік маңызды ақпаратқа бұқараның қолын жеткізу құқығына қатысты тұңғыш сот процесі болмақ»,- деді Т.Қизатова.