Еліміздегі денсулық сақтау жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көмегі қажет - ҚР мемлекеттік хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі денсулық сақтау жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көмегі қажет - ҚР мемлекеттік хатшысы

Еліміздегі денсулық сақтау жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көмегі қажет - ҚР мемлекеттік хатшысы

"Біз өз ауруымызға диагноз қойдық. Ендігі кезекте оны емдеу тактикасын таңдау қажет. Бұл жерде әлем бойынша денсаулық сақтау жүйесін реформалауда орасан зор тәжірибе жинақтаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдау-көмегінсіз тұра алмаймыз",- деп мәлімдеді бүгін, 23-қазанда Алматыда ашылған Қазақстан терапевтерінің 6-құрылтайында сөз сөйлеген ҚР мемлекеттік хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.

  • 23 Қазан 2003
  • 938
Фото - Caravan.kz

И.Тасмағамбетовтың атап көрсетуінше, қазіргі қалыптасып отырған ахуал «еліміз тұрғындарын сауықтыру проблемасын шешуде жаңаша әдістемелер іздеуді талап етуде».

Бұл саладағы келешек дамуға түсініктеме берген мемлекеттік хатшы медицинадағы озық технологияларды қолданысқа енгізу қажеттігін атап көрсетті. «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне ғылымдағы озық технологияларды енгізу — оның тиімділігін арттырудағы ең басты факторлардың бірі»,- деді ол.
И.Тасмағамбетовтың айтуынша, жаңа ауру түрлерінің тарала бастауына байланысты денсаулық сақтау саласына тың телекоммуникациялық жүйелерді қолданысқа енгізу — ауруға диагноз қою және оны емдеу сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Елімізде қазір телемедицина жүйесі сынақтан өткізілуде. Оны қолданысқа енгізу үшін мемлекет 250 млн. теңге бөлді ,- деп хабарлады мемлекеттік хатшы.
Оның айтуынша, бұл қадамдардың барлығы да таяу болашақта Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін әлемдік ақпараттық желіге кіріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Денсаулық сақтау саласына арқау болатын басты принциптер ретінде мемлекеттік хатшы дәрігерлік көмекке халықтың жаппай қол жеткізу қабілетін, денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен тиімділігін атады.

Соңғы жаңалықтар