Еліміздегі диабет дертіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 91,7 оқиғаны құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі диабет дертіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 91,7 оқиғаны құрады

Еліміздегі диабет дертіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 91,7 оқиғаны құрады

Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан 106,05 мың науқас тіркелген. Қант диабеті дертіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 91,7 оқиғаны құрады. Бұл туралы бүгін, 19-қаңтарда мәжілістегі "үкімет сағатында" сөз сөйлеген ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2004
  • 462
Фото - Caravan.kz

Ж.Досқалиевтің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі «аталмыш дерттің алдын алуға және оған шалдыққан жандарға жан-жақты көмек көрсетуге барын салатын болады». Осы мақсатпен республикада «Диабет» атты кешенді бағдарлама қабылданып жүзеге асырылуда деді министр. Бағдарламаның басты мақсаты науқастардың денсаулық сапасын жақсартып, жасын ұзарту, емдеу сапасын арттырып мүгедектікті азайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру болмақ. «Бұл бағдарламаның оңды нәтижелері көріне бастады деп қазір біз нық сеніммен айта аламыз,- деді Ж.Досқалиев.

Осы орайда денсаулық сақтау министрі 2002-жылдан бастап қант диабетіне шалдыққандарды емдеуде адам инсулині қолданыла бастағанын хабарлады. Оның айтуынша, қан құрамындағы қант мөлшерін азайтушы препараттар мен бақылау құралдары жергілікті бюджет қаржысына сатып алынуда.

Соңғы жаңалықтар