Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жалпы активі маусым айында 3,8%-ке, жалпы капиталы 3,5%-ке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жалпы активі маусым айында 3,8%-ке,  жалпы капиталы 3,5%-ке артты

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жалпы активі маусым айында 3,8%-ке, жалпы капиталы 3,5%-ке артты

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жалпы активі маусым айында 3,8%-ке артып 1378,6 млрд. теңгені ($9,3 млрд.), жалпы капиталы 3,5%-ке артып 183,9 млрд. теңгені ($1,2 млрд.) құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен хабарлады.

  • 28 Шiлде 2003
  • 590
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, 2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен коммерциялық банктердің несиелік қоржынындағы стандарттық несиелер көлемі 68,6%-ті, күдікті несиелер 29,2%-ті, үмітсіз несиелер 2,2%-ті құрады. Есепті мерзімде еліміздің екінші деңгейлі банктері 16 млрд. теңге көлеміндегі таза пайда тапты. Өткен жылғы осы мерзімде бұл көрсеткіш 10,3 млрд. теңгені құраған болатын.

Елімізде қазіргі таңда 35 банк жұмыс істейді, соның ішінде мемлекеттік -2 , шетелдердің қатысуымен (соның ішінде резидент емес банктердің құрылымдық банктерін қоса есептегенде) 16 банк жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар