1 наурыздан бастап гейлер мен бисексуалдар және лесбянкалардың өмірі туралы мәліметтер тарататын қазақстандық ақпараттық-сараптамалық портал жұмыс істей бастады. Онда ЛГБ мәселелеріне қатысты мақалалар жарияланады деп, хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы radiotochka.kz-ға сілтеме жасап.
Сайттың жазуынша, мұндай портал ашудың бірнеше себептері бар көрінеді. Өйткені қазақстандықтар арасында да жыныстық ауытқушылықтарға ұшыраған тұрғындар бар. Халықтың осы тобына арналған қазақ тіліндегі тақырыптық ресустар жоқтың қасы. Бұған қоса 25 жыл ішінде осы тақырыпта қазақша ақпарат алатын ондай бірде бір ресурс болған емес. Осы аралықта қазақ тілді лесбянка, гей, бисексуалдар тазалық туралы, өз өмірлері мен әлеуметтік психологиялық кеңестер жайынан хабарсыз болды. Kok.team редакциясының порталы осы кемшіліктердің орнын толтырмақшы. Осы себепті порталға материалдар тек қазақ тілінде ғана қабылданады екен.