Еліміздегі ипотекалық несиенің сыйақы ставкасы біртіндеп төмендейді - Ә.Сәйденов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі ипотекалық несиенің сыйақы ставкасы біртіндеп төмендейді - Ә.Сәйденов

Еліміздегі ипотекалық несиенің сыйақы ставкасы біртіндеп төмендейді - Ә.Сәйденов

Қазақстан ипотекалық компаниясы дамыған сайын, банктердің ипотекалық несиелендіру жүйесіне атсалысу деңгейі артқан сайын, сондай-ақ, ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры жұмыс істей бастау нәтижесінде еліміздегі ипотекалық несиенің сыйақы ставкасы біртіндеп төмендейді. Бүгін, 26-қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасына тағайындалған Әнуар Сәйденов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 650
Фото - Caravan.kz

Ә.Сәйденов қазіргі таңда ипотекалық несиелердің сыйақы ставкасы төмендеу ағымы байқала бастағанын атап өтті. Бүгінде 12,5 проценттік өсіммен 10 жыл мерзімге несие алуға мүмкіндік бар деді ол. Осы орайда Ә.Сәйденов тұрғынүй құрылысы жинақ ақша банкі құрылғанын, онда несиелендіру ақысы тіптен төмен екенін атап өтті.

Ә.Сәйденовтың айтуынша, Ұлттық банк елімізде ипотекалық несие беру жүйесін дамытуға айрықша назар аударылып отыр, алайда, «несиелер ставкасы бойынша Еуропа елдеріндегі қазіргі көрсеткіштерге қол жеткізу мерзімі тұрғысында жорамал айту күрделі».
«Ол үшін тек еліміздегі қаржылық жүйе ғана емес, сонымен бірге жалпы экономика жоғары деңгейде дамуы тиіс»,- деді Ә.Сәйденов.

Соңғы жаңалықтар