Еліміздегі ірі қара мал басының азаюынан ет бағасы халыққа ауыртпалық түсіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі ірі қара мал басының азаюынан ет бағасы халыққа ауыртпалық түсіріп жатыр

Еліміздегі ірі қара мал басының азаюынан ет бағасы халыққа ауыртпалық түсіріп жатыр

Жалпы, ет бағасының өсуі қазақстандықтардың тұрмыс деңгейіне әсер етіп, азық-түлік инфляциясының артуына ықпал етуде.

  • 9 Сәуiр
  • 10
Фото: ernur.kz

Наурызда ет өнімдері 2,2%-ға өсті. Соңғы рет осындай жоғары айлық қарқын үш жыл бұрын, 2022 жылдың сәуірінде тіркелген еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, ет бағасының айына 1%-дан астамға өсуі – салыстырмалы түрде сирек кездесетін құбылыс. 

Мысалы,  бұған дейінгі толық екі жылда 1%-дық деңгейден бірде-бір рет асқан жоқ. Яғни айлық өсім қарқыны орта есеппен 0,4% болған. Сонда 2024 жылы ет бағасы жылдан жылға 3,4%-ға, ал 2023 жылы 7%-ға өсті. 

Ал енді салыстырыңыз: 2025 жылдың жақында ғана басталғанына қарамастан, осы уақытқа дейінгі баға өсімі 5,6%-ды құрайды. Мәселе үшінші ай қатарынан осылай елеулі түрде қымбаттап отырғанында. Бұған дейін +1,1% (қаңтарда) және +2,1% (ақпанда) болған.​

Айта кету керек, дәл осы ет өнімдері наурыздың қорытындысы бойынша айтарлықтай үдей түскен азық-түлік инфляциясына ең көп үлесін қосқан. Жалпы баға өсіміндегі азық-түліктің 0,67 пайыздық тармағының 0,27 пайыздық тармағы немесе 40%-ы осы өнім тобына тиесілі болды.​

Нақтырақ айтқанда, жалпы көрсеткішті ең көп көтерген – сиыр еті мен қой еті. Сиыр еті бағасының айлық өсім қарқыны 3,5%-ды құрады (2017 жылдың ақпанынан бергі екінші ең жоғары көрсеткіш), ал қой еті – 3,4% (2017 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары көрсеткіш).​

Билік әлі де еттің қымбаттау себебі ретінде Тәжікстан мен Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуын атап отыр. Мұндай ресми түсіндірмені бұған дейін сиыр еті бағасының бір апталық күрт өсуі аясында айтылған. 

Олардың мәлімдеуінше, баға жуық арада тұрақталады. Ішкі нарықта ет өнімдерінің тапшылығы жоқ.

 Ал «Қазақстанның ет одағы» бұл жағдайды басқаша түсіндіреді. Еліміздегі ірі қара мал басының азаюы себебінен туындаған ұсыныстың қысқаруымен байланыстырып отыр.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, ірі қара мал саны 7,8 миллион басқа жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 18,5%-ға артқанымен, ет экспорты да 8 мың тоннаға өсіп, 20 мың тоннаға жетті.   

Бағаны тұрақтандыру мақсатында 2024 жылдың 26 қазанынан бастап тірі ірі қара малды әкетуге квоталау түріндегі сандық шектеулер енгізілді. Бұқашықтарды әкетудің лимиті 85 000 басты құрап, бүгінгі таңда оның 82,7%-ы игерілді. Аналық малды әкетуге толық тыйым салынған. 

Жалпы, ет бағасының өсуі қазақстандықтардың тұрмыс деңгейіне әсер етіп, азық-түлік инфляциясының артуына ықпал етуде. Бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралардың тиімділігі уақыт өте келе анықталатын болады.