Еліміздегі ішкі сауда айналымы 9 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі ішкі сауда айналымы 9 процентке өсті

Еліміздегі ішкі сауда айналымы 9 процентке өсті

2004-жылдың алғашқы жартысында еліміздегі ішкі сауда айналымы өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 9 процентке өсіп, 1117,2 млрд. теңге болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 20 Шiлде 2004
  • 822
Фото - Caravan.kz

Жалпы тауар айналымы құрылымында бөлшек сауда 44,8 процентті, толайым сауда 53,4 процентті құрайды. Агенттіктің хабарлауынша, өткен жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда бөлшек тауар айналымының көлемі 7,1 процентке, толайым сауда көлемі 10,3 процентке өсті.

2003-жылғыдай бөлшек тауар айналымының көлемі сусындар, соның ішінде спиртті ішімдіктер сату (жалпы көлемнің 5,3 проценті), ет және ет өнімдерін (5,1 процент), сүт өнімдері мен жұмыртқа (2,7 процент), жеміс-жидек және көкөніс (2,4 процент) , қант (2,1 процент) сату есебінен қалыптасты. Азық-түлік тауарларына жатпайтын өнімдер арасынан киім-кешек (9,7%) , аяқ киім (4,3%), тұрмыстық электр бұйымдар (3,0%), компьютер (2,1%) сату ең жоғары үлес салмаққа ие.
Республиканың толайым тауар айналымында сұйық және газ күйіндегі отын (жалпы көлемнің 22,8 проценті), фармацевтикалық және медициналық тауарлар (3,9%), қара металл (3,4%), құрылыс материалдары (3,1%) басымдыққа ие.

Перейти к новостям спорта