Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық палатасының өкілдері мәлімдеді, деп жазды «Хабар24». Рейтингті түзу үшін түлектер арасында сауалнама жүргізіліп, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының деректері сараланды. Сөйтіп, әлеуметтік және техникалық ғылымдар бойынша білім алғандардың жартысына жуығы өз мамандығына сай жұмыс істемейтіні белгілі болды. Мәселен, «Кеден ісі» дипломын иеленіп, сол салада екі қолға бір күрек таба алмай жүргендердің саны көп. Сондықтан мамандар олқылықтың орнын толтыру үшін оқу бағдарламаларын түбегейлі жаңартуды ұсынып отыр.
«Жыл басында 2000 оқу бағдарламаның рейтингісін жүргіземіз деп айттық. Содан бері 3 кезеңін жүргіздік. Бүгін 3-ші кезеңін аяқтадық. Оған 109 ЖОО 535 оқу бағдарламасы қатыстырылды», — деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы, Талғат Ешенқұлов.