Еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізіледі

Еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізіледі

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті мен «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумды бекітті.

  • 14 Шiлде 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

Аталған құжатқа комитет төрағасы Бақыт Әбішев пен альянстың атқарушы директоры Алина Хаматдинова қол қойды.

Төрағаның сөзіне қарағанда, бұл ынтымақтастық туралы меморандум халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету барысына мониторинг жүргізуге негізделіп отыр. «Біз үшін «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ-ның Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына мониторинг жасаудағы көмегі өте маңызды. Бүгінде елімізде 381 ХҚКО бар. Сондықтан да альянстың республика бойынша тараған жүйесі жергілікті жерлерде қызмет көрсетудің сапасын бағалауға және жедел түрде кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді»,-деді Б. Әбішев.

Өз кезегінде А. Хаматдинова күніне 40 мыңға жуық ел азаматтары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратынын айтып өтті. «Біздің мақсат- қызмет көрсету сапасының тиімділігі мен кемшіліктіліктері тұрғысында комитетке ақпарат беру. Атап айтқанда біз жұртшылық тарапынан айтылған пікірлерді жеткізуге көмектесеміз»,-деді ол.

А. Хаматдинованың айтуынша, осы ілкі жобаның нәтижесінде еліміздің барлық өңірлеріндегі ХҚКО-на мониторинг жасалады. Бұл бағалау жұмыстары 10 тамызға дейін жүргізіледі. Осы орайда бастапқы нәтижелер 15 тамызда белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар