Еліміздегі колледждердің бірінде сексуалдық қылмысы үшін сотталған мұғалім жұмыс істеген - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі колледждердің бірінде сексуалдық қылмысы үшін сотталған мұғалім жұмыс істеген

Еліміздегі колледждердің бірінде сексуалдық қылмысы үшін сотталған мұғалім жұмыс істеген

Қарағандылық прокурорлар ЖОО мен кәсіби техникалық білім беретін білім ордаларын тексеріп, жаға ұстатарлық жайттарды анықталды.

  • 7 Желтоқсан 2018
  • 59
Фото - Caravan.kz

Қарағандыдағы колледждердің бірінде психикалық ауытқуы бар педагог жұмыс істепті. Ал екіншісінде балаға жасаған сексуалдық қылмысы үшін сотталған педагог анықталыпты.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Шәкіртақыдан заңсыз айыру, түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша жалған мәліметтер ұсыну, студенттердің кәсіби дайындығын жүргізу бойыша талаптардың бұзылуы тәрізді бұзушылықтар анықталды», – дейді Қарағанды облыстық прокуратураның ресми өкілі Нұрсұлтан Қалдырбай.

Прокурорлар ЖОО, кәсіптік мектептер мен колледждерде мамандардың дайындап шығаруға бөлінген бюджет қаржысының қаншалықты заңды пайдаланылғанын тексерді. Нәтижесінде кейбір колледждерде мемлекеттік тапсырыс бойынша түскен студенттер санын артық етіп көрсеткені белгілі болды. Сонымен қатар ЖОО-дан кейінгі білім беруден де бұзушылықтар анықталды. Онда кәсіби тәжірибе талаптары сақталмаған көрінеді.

Нәтижесінде бюджетке 90 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарылып, 74 адам жауап тартылды. Олардың ішінде қылмыстық жауапқа тартылғандар да бар.


Соңғы жаңалықтар