«Министрліктер саясатты айқындау мен оның жүзеге асырылуын қадағалау, саяси шешімдер қабылдау, нормативтер шығару және комитеттердің іс-қызметін үйлестіру функцияларын атқаруға тиіс»,- деді Н.Назарбаев. «Өз кезегінде министрліктердің жанындағы комитеттер саясатты жүзеге асырумен дербес айналысып, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға тиіс»,- деді ол.
Сонымен бірге президенттің айтуынша, министрліктер, мекемелер мен әкімшіліктердің толыққанды жұмыс істеуі үшін олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы дербестігі мен құзыреті күшейтілуге тиіс. «Сонда ғана бізде шаруашылық субьектілерінің экономикалық іс-қызметіне араласпайтын жинақы әрі кәсіби үкімет болады»,- деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті