Еліміздегі мемлекеттік сатып алу шаралары заң бұзушылықпен жүзеге асырылады- мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттік басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі мемлекеттік сатып алу шаралары заң бұзушылықпен жүзеге асырылады- мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттік басшысы

Еліміздегі мемлекеттік сатып алу шаралары заң бұзушылықпен жүзеге асырылады- мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттік басшысы

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер шараны жүзеге асыруда көптеген заң бұзушылық әрекеттерге жол береді. Бұл туралы бүгін, 1-желтоқсанда ҚР мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасы Әбдіхалық Нәлібаев парламентте өткен үкіметтік сағатта сөйлеген сөзінде хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 446
Фото - Caravan.kz

Осындай қайшылықтар қатарында ол «бір потенциалдық сатушының мүддесіне нұқсан келтіре отырып екіншісінің мүддесін қорғау, байқау комиссиялары, байқауды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің өз құқығын бас пайдасына жаратуы, ҚР заңнамаларында көрсетілмеген, кейде тіпті мүлдем тыйым салынған талаптарды қою арқылы байқауға қатысушылар шеңберін шектеу, байқау туралы жария түріндегі хабарламаларды таралымы төмен және таралу ауқымы тар басылымдарда, немесе осындай хабарламалар беруге маманданбаған басылымдарда жариялау» тәрізді заң бұзушылық әрекеттерді атады.

Ә.Нәлібаевтың айтуынша, 2003-жылдың 9 айында Агенттік үш бірдей министрлік, алты жергілікті атқарушы орган, үш акционерлік қоғам, екі шаруашылық субьектісін тексерген. «Өткен 9 айда агенттікке потенциалдық сатушылардан байқау комиссияларының әрекетіне қатысты 190 арыз түскен. Нәтижесінде 80 арызда көрсетілген дәйектер дәлелденумен бірге шағымдарда көрініс таппаған бұдан басқа да заң бұзу көріністері әшкереленді»,- деді мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттік төрағасы.
Ә.Нәлібаевтың мәліметіне жүгінсек, Агенттік тарапынан жүргізілген биылғы зерттеулер нәтижесінде 50 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 20 байқаудың қорытындысына шәк келтіріліп, 7 байқау құжаттары бойынша қойылған талаптар заңға қайшы деп танылды.
2003-жылдың 9 айында бюджеттік бағдарлама әкімшіліктері 457,4 млрд. теңгеге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырса, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 162,3 млрд. теңгеге сауда-саттық жасалған. «1996-жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 61,3 млрд. теңгені құраса, бұл мөлшер жыл сайын 65 млрд. теңгеге арта түсуде»,- деді Ә.Нәлібаев.