Еліміздегі мүгедектер қоғамдары құрған кәсіпорындардан мемлекеттік сатып алатын тауарлар мен қызмет түрлерінің 2004-жылға арналған тізімі айқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі мүгедектер қоғамдары құрған кәсіпорындардан мемлекеттік сатып алатын  тауарлар мен қызмет түрлерінің 2004-жылға арналған тізімі айқындалды

Еліміздегі мүгедектер қоғамдары құрған кәсіпорындардан мемлекеттік сатып алатын тауарлар мен қызмет түрлерінің 2004-жылға арналған тізімі айқындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауды ұйымдастырушылардың еліміздегі мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған кәсіпорындардан сатып алатын тауарлар мен қызмет түрлерінің 2004-жылға арналған тізімі айқындалды.

  • 11 Қараша 2003
  • 720
Фото - Caravan.kz

ҚР мүгедектер қоғамдарына қарасты кәсіпорындардан 2004-жылы сатып алынатын азық-түлік өнімдерінің арасында нан және нан өнімдері, кеспе өнімдері, консервіленген ет және шұжық өнімдері бар. Ал азық-түлік өнімдеріна жатпайтын өнімдердің арасында тігін бұйымдары, арнаулы киім-кешектер, аң терісінен тігілген киімдер, төсек жабдықтары, кеңсе керек-жарақтары т.б өнімдер бар. Мүгедектер қоғамдарына қарасты кәсіпорындардан мемлекет сатып алатын қызмет түрлерінің санатына етік тігу және жөндеу, баспахана қызметі, жарнамалық-ақпараттық , баспа қызметі, жерлеу қызметтері, күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу қосылды.

Қаулы арқылы сондай-ақ, мүгедектер құрған кәсіпорындардан мемлекеттік сатып алу көлемі аталмыш тауар және қызмет түрлерінің жалпы көлемінің 30 процентінен кем емес мөлшерде деп белгіленді.
«Мемлекеттік сатып алу жөніндегі » заң бойынша аталмыш ұйымдарда жұмыс істейтін мүгедектер саны жалпы қызметкерлер санының 51 процентінен кем түспеуі тиіс. Сондай-ақ, заңда аталмыш ұйымдардан байқауға өтініш келіп түспеу жағдайы да қарастырылған. Мұндай жағдайда байқауды ұйымдастырушы сатып алу процессін еліміз заңдарында дәйектелген жалпылама негіздерге сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
ҚР үкіметінің қаулысы мен қоғамдық бірлестіктер құрған кәсіпорындардан мемлекеттік сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің толық тізімі республикалық басылымдарда жарияланды.

Соңғы жаңалықтар