Еліміздегі мұнай кәсіпорындары өндіріс көлемін кеңейтеді – кешенді жоспар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі мұнай кәсіпорындары өндіріс көлемін кеңейтеді – кешенді жоспар

Еліміздегі мұнай кәсіпорындары өндіріс көлемін кеңейтеді – кешенді жоспар

Бүгінде Қазақстандағы 295 мұнай-газ кен орнын 104 кәсіпорын игеріп жатыр.

  • 11 Сәуiр 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Ірі мұнай-газ және мұнай-газ химиясы жобаларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында» жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда 104 мұнай-газ өндіруші кәсіпорын 295 кен орнын игеруде. Елдің үш ірі кен орнында – Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанда ел бойынша жалпы өндірістің 60%-ын құрайды. Теңіз жобасын кеңейту жобасы соңғы сатыда тұр. 2022 жылы серіктестер жобаның жаңартылған құны мен графигін мақұлдады. Акционерлер мен Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, келісілген бюджет пен мерзімдерге сәйкес жобаны іске қосу жоспарлануда», — делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған кешенді жоспарда.

Өндірісті кеңейту аясында биыл желтоқсанда ұңғыма ернеуінің қысымын басқару құрылғылары іске қосылады. Ал жалпы бұл жоба 2024 жылдың маусым айында аяқталуы тиіс. Оның құны 46,7 млрд доллар.