Еліміздегі мұнайхимиясы саласында құны 29,5 млн. долларды құрайтын 11 жеңілдетілген инвестициялық жоба жүзеге асырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі мұнайхимиясы саласында құны 29,5 млн. долларды құрайтын 11 жеңілдетілген инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Еліміздегі мұнайхимиясы саласында құны 29,5 млн. долларды құрайтын 11 жеңілдетілген инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

2005-жылдың 1-наурызындағы жағдаймен еліміздегі мұнайхимиясы саласында құны 29,5 млн. долларды құрайтын 11 инвестициялық жоба преференция көмегімен жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін, 18-наурызда "Қазақстандағы мұнайхимиясы саласының келешегі" тақырыбындағы І халықаралық конференция барысында ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестиция жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Арынов мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Наурыз 2005
  • 518
Фото - Caravan.kz

Ел экономикасының шикізаттан тысқары секторындағы басымдық берілген салаларда инвестициялық іс-қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаларға преференциялар беріледі. ҚР үкіметінің қаулысымен экономика секторындағы іс-қызметтің 235 түрі бекітілген.

2005-жылдан бері елімізде корпоративтік кіріс және мүлік салықтары бойынша инвестициялық преференциялар белгіленген. Корпоративтік кіріс салығы бойынша преференция мерзімі 1-5 жылды құрайды және оны жер және мүлік салығы бойынша инвестор айқындайды. Сонымен бірге инвесторға жылдық жиынтық кірістен активтерді пайдалану құнын алып тастау құқығы 5 жыл мерзіммен беріледі.
Жеке инвестицияларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету ҚР «Инвестиция туралы» заңы мен Салық, Кеден және Жер Кодекстері аясында жүзеге асырылады.
Е.Арыновтың ақпараты бойынша, 1997- жылдан бері Қазақстанда жалпы көлемі 3,7 млрд. долларды құрайтын жариялы инвестиция жөнінде 494 келісім-шартына қол қойылды. 138 келісім-шарты аяқталып, 87 келісім-шарты бұзылды. Қазір Қазақстанда 3 млрд. доллардың 269 келісім-шарты жүзеге асырылуда.
ҚР «Инвестиция туралы» заңы қабылданған 2003-жылдың қаңтарынан бері республиканың шикізатқа жатпайтын секторында 1,1 млрд. доллардың 151 келісім-шартына қол қойылды.

Перейти к новостям спорта