Еліміздегі орман қорын толықтыру жұмыстарына студенттік отрядтар тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі орман қорын толықтыру жұмыстарына студенттік отрядтар тартылады

Еліміздегі орман қорын толықтыру жұмыстарына студенттік отрядтар тартылады

Елімізде орман қорын толықтыру жұмыстарына студенттік құрылыс отрядтарын тартуды қарастыратын "Жасыл ел" атты жаңа бағдарлама жасалды. Бұл туралы бүгін, 28-наурызда ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова студенттік отрядтардың іс-қызметін ұйымдастыру және студенттік құрылыс отрядтары мен жастардың еңбек отрядтарының жұмысын жетілдіруге арналған дөңгелек үстелде құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Наурыз 2005
  • 592
Фото - Caravan.kz

Б.Әйтімованың айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру — «жастарға ақша табуға мүмкіндік беру» және «орман қорының орнын толықтыру» сынды екі тауқыметті бірдей шешуге жол ашады.

«Елімізді жаппай жасыл желекке бөлеу туралы бастама уақытын тапқан бастама болмақ. Оны бастапқы кезеңде студенттер қауымы қолдайды, ал одан кейінгі сатыда ақша тапқысы келетін жастар білек сыбанып іске кіріседі деп сенеміз»,- деді министр. Б.Әйтімова осы орайда елімізде 4 млн. жастардың бар екенін, олардың арасынан 300 мың жас жұмыссыздар санатында екенін еске салды. Алайда, министрдің айтуынша, «елімізді көгалдандыруға атсалысу — әркімнің өз еркіндегі шаруа, оған ешкім де мәжбүрлемейді».
Қалаларды жасылдандыру шарасының аясында гүлзарлар мен саябақтар дамытылады. Б.Әйтімова Астанада еліміздің бірінші президентінің атындағы саябақ құру туралы жастардың бастамасын жария етті.
«Жасыл ел» бағдарламасы 2005-2010-жылдар аралығында жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты — жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткішін 2-3 процентке кеміту, орман өрттерінің салдарынан зардап шеккен аумақтар көлемін азайту, темір жолдар мен автожолдарды бойлай отырғызылған орманды белдеуді біртұтас жүйеге біріктіру болып табылады.
Ел аумағын көгалдандыру шарасын бастау мерзімі бүгін нақтыланып, студенттік құрылыс отрядтарын жұмыспен қамтамасыз ету тұрғысында мемлекеттік мекемелерге арналған нұсқау әзірленеді деп күтілуде.
2004-жылы елімізде 4546 адамды біріктірген 89 студенттік құрылыс отрядтары мен жастардың еңбек отрядтары жұмысқа тартылды. Студенттердің орташа жалақысы 30 мың теңгені құрады. Атқарылған жұмыстар көлемі 100 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Перейти к новостям спорта