Еліміздегі орташа жалақы 365 502 теңге екені рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі орташа жалақы 365 502 теңге екені рас па?

Еліміздегі орташа жалақы 365 502 теңге екені рас па?

2023 жылғы IІ тоқсанда бағалау бойынша еліміздегі орташа жалақы белгілі болды.

  • 8 Тамыз 2023
  • 160
Фото - Caravan.kz

 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында – 23,8%-ға тіркелген. Ең төменгі өсімі Түркістан облысында – 12,2%-ға байқалған деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Ұлттық статитика бюросы жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан Республикасы бойынша 2023 жылғы IІ тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 240 779 теңгені құрады. Ал атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы II тоқсанда* 365 502 теңгені құрады. 

"2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс – 36%, көлік және қойма – 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7%, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 21,8% салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 10,2%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 15,6% құрады.

Алайда нақты мәнде жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда құрылыс – 3,5%, тұру және тамақтану қызметтерін көрсету – 2,6%, білім беру – 4,8%, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 0,1% салаларында төмендеді", — делінген ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта. 


Айта кету керек, бюро жариялайтын орташа жалақы туралы ақпарат бір қызметкердің есептелген жалақысының орташа мөлшерін көрсетеді, яғни барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйақыларды, салықтарды және зейнетақы аударымдарын қоса ала отырып ескеріледі.