Еліміздегі президент сайлауы 2006-жылдың желтоқсан айында өтеді - Орталық сайлау комиссиясы (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі президент сайлауы 2006-жылдың желтоқсан айында өтеді - Орталық сайлау комиссиясы (толықтырылған нұсқа)

Еліміздегі президент сайлауы 2006-жылдың желтоқсан айында өтеді - Орталық сайлау комиссиясы (толықтырылған нұсқа)

Еліміздегі президент сайлауы 2006-жылдың желтоқсан айында өтеді. Бұл туралы бүгін, 11-наурызда ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева "Сайлау тетіктерін жетілдіру. Ауылдық округтер, ауылдар мен кент әкімдерінің, сондай-ақ, республика аудандары әкімдерінің сайлауын эксперимент жүзінде өткізу" тақырыбы бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстелде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 11 Наурыз 2005
  • 446
Фото - Caravan.kz

З.Балиева президент сайлауын өткізу мерзімі ҚР Ата заңында көрсетілгенін еске сала кетті. «Конституцияға сәйкес президент сайлауы қазіргі президенттің өкілеттілік мерзімі аяқталған жылдың желтоқсан айының алғашқы жексембісінде өткізілуі тиіс»,- деді Орталық сайлау комиссиясының төрайымы.

Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттілік мерзімі 2006-жылдың 20-қаңтарында аяқталады, демек, жаңа президентті сайлау мерзімі 2006-жылдың тамыз айында жарияланып, сол жылдың желтоқсан айында сайлау өткізілуі тиіс, деді комиссия төрайымы. «Осы бағыттағы тәртіптер мен процедураға әзірге өзгеріс енгізілген жоқ»,- деді З.Балиева.
Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясының төрайымы президент сайлауы кезінде ауылдық округтерде «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесі қолданыла ма, жоқ па деген мәселе әзірге шешілмегенін хабарлады. «Егер 2006-жылдың желтоқсан айына дейін ауылдық округтердегі коммуникациялық жүйе жолға қойылатын болса, онда жүйе қолданылады»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта