Еліміздегі қазақ тіліндегі оқу құралдары мен ғылыми әдебиеттің сапасы мүлдем сын көтермейді - ҚР мемлекеттік хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі қазақ тіліндегі оқу құралдары мен ғылыми әдебиеттің сапасы мүлдем сын көтермейді - ҚР мемлекеттік хатшысы

Еліміздегі қазақ тіліндегі оқу құралдары мен ғылыми әдебиеттің сапасы мүлдем сын көтермейді - ҚР мемлекеттік хатшысы

Еліміздегі қазақ тіліндегі оқу құралдары мен ғылыми әдебиеттің сапасы мүлдем сын көтермейді. Бүгін, 30-қыркүйекте Астанада өткен мемлекеттік тіл саясатын дамытуға арналған кеңесте ҚР мемлекеттік хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осындай пікір білдірді.

  • 1 Қазан 2003
  • 744
Фото - Caravan.kz

И.Тасмағамбетовтың пікірінше, мемлекеттік тілдегі сапалы әдебиеттің жетімсіздігінен елімізде қазақ тілді мамандарды, соның ішінде техникалық мамандықтар бойынша кадр дайындау мәселесі күрделі күйінде қалып отыр. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік тілдің ролін арттыру керек»,- деді ол.

Кеңесте сөз сөйлеген ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеевтің айтуынша, қазіргі таңда еліміздегі жоғары білім беру ошақтары үшін қазақ тілінде 10 мыңнан астам оқулықтар мен оқу құралдарын шығару талабы қойылып отыр. Осы мақсатта, министрдің айтуынша, білім және ғылым министрлігі арнайы бағдарлама жасап шығарған.
Министрлік мәліметіне сәйкес, 2003-жылы 112 мың оқушы қазақ, 56 мың түлек орыс тілінде білім беретін мектептерді бітірген, ал жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім игеретін студенттердің үлес салмағы 32 процентті құрайды.