Еліміздегі қос бірдей өңірдің әкімі ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі қос бірдей өңірдің әкімі ауысты

Еліміздегі қос бірдей өңірдің әкімі ауысты

Ал бүгінге дейін Премьер-министрдің орынбасары болған Бердібек Сапарбаев қайтадан әкімдік қызметке оралды. Сөйтіп, еліміздегі қос бірдей өңірдің басшысы ауысты. Қарамағындағы қызметкерлері жаппай жемқорлыққа байланысты тұтылып жатқан Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов қызметінен босатылды. Оның орнына көршілес жатқан Ақтөбе облысынан Архимед Мұхамбетов барып жайғасты. Ал батыстағы ірі аймақты басқаруға үміткерлер көп болған. Ақыры түстен кейін Үкімет басшысы соңғы он айда өзіне орынбасар болған Бердібек Сапарбаевты Ақтөбе облысының әкімі ретінде таныстырып кетті. Ескі де жаңа әкімдердің жұрт жадында несімен есте қалғанын тілшіміз Жаңалық Ахаш шолып көрген еді.

  • 12 Қыркүйек 2015
  • 476
Фото - Caravan.kz

Қостанай өңірін соңғы үш жыл бойы басқарған Нұралы Сәдуақасовтың қызметінен кетуін көпшілік құп көрді. Бұған қарамағындағылардың жаппай жемқорлыққа қатысты айыпталуы себеп. Өйткені Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынды. Ал оның қос орынбасары пара алып, қолға түскен болатын. Десе де, бұрынғы облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов тұрғындар есінде матрешка кейіпнде қалыпты. Қостанайлықтардың ішек сілесін қатырған ойыншық өткен жылы көрмеге қойылып, көптің назарын аудартқан-ды. Суретшіге облыс әкімі бейнеленген 20 сантиметрлік ойыншық жасауға әлдебір әйел тапсырыс берген екен. Алайда кейін өзі хабарсыз кетіпті. Сөйтіп, үстіне шапан, қолына қамшы ұстаған Нұралы Сәдуақасовтың суреті бар матрешканы әкімнің өзі сатып алды.

Нұралы Сәдуақасов, Қостанай облысының бұрынғы әкімі /31.10.2014ж/:

— Осы ойыншық туралы хабар жеткен бойда, дереу көмекшімді жіберіп, матрешканы өз ақшама сатып алдым. Және автордан бұдан былай менің рұқсатымсыз мұндай матрешканы жасамауды өтіндім.

Сәдуақасовтың гитарамен ән айтқаны да қостанайлықтардың әлі есінде.

Енді оның орнына Ақтөбеден ауысқан Архимед Мұхамбетовты футбол жакүйерелері қимай жатыр. Доп тебуден делебесі қозатын әкімді кезінде жергілікті клубтың фанаттары мультфильмнің кейіпкеріне де айналдырды. Эльф кейпінде билетіп те қойды. 


Ал жарты күн бойына бос болған Ақтөбе облысы әкімінің орынтағынан үміттілер көп болған көрінеді. Әлеуметтік желілерде түрлі сауалнамалар ұйымдастырылып, тұрғындар да өз болжамдарын айтып әлекке түсті. Тек түс ауа жаңа әкімді Үкімет басшысының өзі таныстыратындығы белгілі болды.

Өңірдің актив жиналысына тек мәслихат депутатары мен басқарма жетекшілері ғана шақырылыпты. Жабық жағдайда өткен жиналыста премьер-министр Кәрім Мәсімов өзіне соңғы он айда орынбасар болған Бердібек Сапарбаевты Ақтөбе облысының жаңа әкімі ретінде танысытырды.

Бір жылдан соң зейнеткерлік жасына жететін бұл өңірдің жаңа басшысын жұрт мықты саясаткер ретінде жақсы таниды. Бұған дейін ол Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысарын басқарған.  

Соңғы жаңалықтар