ТЖМ-ның сейсенбідегі ақпарына қарағанда, өткен жексенбіде 3 жастағы қыз бала Алматы облысының Боралдай ауылындағы №7-ші су қоймасына шомылып жүріп суға кеткен.
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына 30 жастағы ер адам батып кеткен. Осындай қайғылы оқиға дүйсенбі күні Қарағанды облысында да болды. Қазыбек би ауданындағы су қоймасына шомылуға барған 30-35 жастағы ер адам суға кеткен. Қазір оның аты-жөні анықталуда.