Шығыс Қазақстан облысында Бастау ауылындағы қазаншұқырда жүзіп жүрген 14 және 15 жастағы екі жасөспірім суға батып кетті. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында 16 және 17 жастағы екі қыз Сырдарияға батып кетті. Судан құтқару қызметтері мәйіттерді іздестіріп жатыр.
Ал Алматы әуежайының маңындағы көлде шомылып жүрген 13 жасар қыз суға кетті. Құтқарушылар қыздың денесін судан шығарып алды. Суға кеткен тағы бір адамның мәйіті Первомайск тоғанынан табылды. Осындағы «Голубое озеро» демалыс аймағында суда жүзіп жүрген 23 жастағы жігіт суға батып кеткен. Семейлік құтқарушылар Ертіс өзенінен 30 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Ал Алматы облысында Іле өзеніне батып кеткен 47 жастағы ер адамның мәйіті іздестіріліп жатыр.