С.Әбдірахмановтың айтуынша, еліміздегі барлық БАҚ-тарды бір жерде жинаған Қазақстан журналистерінің конгрессі — БАҚ маңызының арта түсу көрсеткіші, Қазақстанның ақпараттық қоғамдастық аясын кеңейту жолына ден қоюының дәлелі болмақ.
«Қазақстандық БАҚ-тар халықтың сенім үдесінен шыға білу үшін бар күшін салды. Еліміздің журналистері азаматтық қоғам қалыптастыру ісінде ешқашан керенаулық танытқан емес»,- деді С.Әбдірахманов. Ол өз сөзін былай деп сабақтады: «Журналистер өзінің сындарлы сөзімен еліміздегі оңды өзгерістерді қолдауы тиіс. Сынның әсері күшті болғанымен, тиімділігі төмен. Кейбір БАҚ-тар тіпті жаңа кеніштер мен жаңа жол тораптарының ашылуы турлы ақпаратты елеп-ескермейді. Ал қайсыбір журналистер отаншылдық сезімнен жұрдай».