Еліміздегі телекоммуникация рыногі 2004-жылдың бірінші жартысында жартылай еркіндікке жіберілуі тиіс - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі телекоммуникация рыногі 2004-жылдың бірінші жартысында жартылай еркіндікке жіберілуі тиіс - үкімет басшысы

Еліміздегі телекоммуникация рыногі 2004-жылдың бірінші жартысында жартылай еркіндікке жіберілуі тиіс - үкімет басшысы

Еліміздегі телекоммуникация рыногі 2004-жылдың бірінші жартысында жартылай еркіндікке жіберілуі тиіс. Бұл туралы бүгін, 8-шілдеде Астанада өткен үкімет отырысында сөйлеген өз сөзінде үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

  • 8 Шiлде 2003
  • 398
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметовтың айтуынша, жартылай либерализациялау дегеніміз — рынокта жұмыс істейтін барлық операторларға қалаларалық және халықаралық байланыс саласында қызмет көрсету құқығын беруді меңзейді. Осы мақсатпен 2003-жылдың қараша айына дейін қызметтерді қаржыландыру механизмін қалыптастыру, операторлардың өзара есеп айырысу және желіге қосылу тәртібінің жобасын жасап бекіту, соның нәтижесінде алдағы жылдың басынан бастап баға тепе-теңдігін бұзуды жүзеге асыру қажет деді үкімет басшысы. «Бұл- ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Агенттіктің бірінші кезектегі міндеті, ақпараттық ресурстарды басқару жүйесін дәйекті ұйымдастыруды жолға қоятын мерзім жетті, осы тұрғыда агенттікке үлкен үміт артып отырмыз»,- деді Д.Ахметов.

Үкімет басшысы сондай-ақ, мобильді байланыс рыногін еркіндікке жіберу қажеттігіне де тоқталды. «Бұл салада да бәсекелестік жоқтың қасы. Мобильді байланыс саласын қалыптастырып отырған екі компания да монополияның айқын мысалы», «Сол себепті барлық телекоммуникациялық салаларда бәсекелестікті дамыту мен либерализациялау процессін сатылы жүзеге асыру шараларын айқындау қажет»,- деді Д.Ахметов.