Теоретиктер осының шешімін таппай дал болып жүргенде, біздің жұлдыздарымыз бұл теориялардың ешқайсысына қарамастан, "тоқал" құбылысын практикалық түрде жүзеге асыруда. Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың ата-ана атанғаны туралы жаңалық жұртты дүр сілкіндірді.
Желідегі оқырмандардың бір тобы отбасылы азаматқа ұл тауып берген Жұлдызды сынап жатса, екіншілері бұл ақпарат жалған деп журналистерді қаралап жатыр.
Айқынның айқын мысалы негізінде, Caravan.kz еліміздегі ең танымал "тоқалды" жігіттерімізді еске алуды жөн көрді.
Қазақстандағы атышулы тоқалдардың бірі — сотталып кеткен бір кездегі астаналық бай бизнесмен Қайрат Жамалиевтің екінші әйелі Айнур Исина. Ең алғаш 2008 жылы "Астана аруы" (Мисс Астана) байқауынан кейін жұрт назарына ілікті.
Сол жылы "Қазақстан аруы-2008" байқауында бағын сынап, "I вице-мисс" атағына ие болған еді. Қазір 6-жасар ұлын тәрбиелеп отыр.
"Сыра патшасы" болған Тоқтар Төлешовтің тоқалы — Дина Нуралиева. Ол "Қазақстан аруы-2005" атағына ие болған. Бойжеткен бүгінде дизайнерлік қырынан да танылып жүр. Шымкенттік ару 2009 жылғы "Әлем аруы" байқауында топ-16 арудың тізіміне кірген.
Дина — "Шымкент аруы" байқауын ұйымдастыратын сән агенттігінің директоры. Кәсіпкер күйеуге шыққан, кішкентай қызы бар.
Сандуғаш Стамғазиеваның танымал әнші Алтынбек Қоразбаевтың екінші әйелі екені жалпақ жұртқа белгілі. Рамазан Стамғазиевтің қарындасы Сандуғаш бүгінде үлгілі ана атанған. Қазақ әйелдеріне тән қасиет бала тәрбиелеп үйде отыру болса, Сандуғаш өнерін отбасы үшін құрбан етіп, Алтынбек шаңырағын гүлдендіріп отыр.
90-шы жылдары "Сары әулие" деген атпен танымал болған әйгілі емші Марат Есенбаев 4 әйелімен өмір сүруде. Ол Қазақстанның әр аймағына, емдік сеансын өткізуге келген кезде үлкен стадиондардың өзіне халық сыймай қалатын. Кенже әйелі бүгінде 19 жаста ғана.