Қазір Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті аталатын осындай арнаулы жоғары оқу орнын ашуға 1963-жылы жағдай жасалды.
Жоғары білім ошағының 40 жылдық мерейтойына орай мұнда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу межеленген. Бас қосуға бүгінде еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының ректорлары, ірі өнеркәсіптік, коммерциялық және банк құрылымдары мен мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызмет атқаратын бұрынғы институт түлектері қатысады. Сондай-ақ, конференцияға Германия, Жапония, АҚШ, Түркия, Қытай, Франция елдерінің елшілері мен әртүрлі халықаралық білім беру қорлардың басшылары шақырылған.
Конференция бағдарламасы аясында Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасы өтеді.