«Соңғы жылдарда індетке шалдығу қарқыны анағұрлым азайғанымен еліміздегі жалпы ВИЧ/СПИД-ке шалдыққандар көрсеткішінің арту ағымы сақталып отыр»,- деді Ж.Досқалиев.
Министрдің хабарлауынша, қазір елімізде шамамен ВИЧ-індетіне шалдыққан 3,5 мың адам тіркелген.
ҚР денсаулық сақтау министрі елімізде 2001-2005-жылдарға арналған СПИД індетіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, үкіметтің жанында СПИД-пен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылғанын ескертті.
«Мәселенің шешімін жалпыұлттық деңгейге көтеру соңғы кезеңде оның таралу қарқынын бәсеңдетуге жол ашты»,- деді Ж.Досқалиев.