Еліміздегі ВИЧ/СПИД індетіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 5,03 оқиғаны құрады
Еліміздегі ВИЧ/СПИД індетіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 5,03 оқиғаны құраса, 2002-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 4 оқиға тіркелген болатын. Бұл туралы бүгін, 19-қаңтарда мәжілістегі "үкімет сағатында" сөз сөйлеген ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев хабарлады. |
"Соңғы жылдарда індетке шалдығу қарқыны анағұрлым азайғанымен еліміздегі жалпы ВИЧ/СПИД-ке шалдыққандар көрсеткішінің арту ағымы сақталып отыр",- деді Ж.Досқалиев.
Министрдің хабарлауынша, қазір елімізде шамамен ВИЧ-індетіне шалдыққан 3,5 мың адам тіркелген.
ҚР денсаулық сақтау министрі елімізде 2001-2005-жылдарға арналған СПИД індетіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, үкіметтің жанында СПИД-пен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылғанын ескертті.
"Мәселенің шешімін жалпыұлттық деңгейге көтеру соңғы кезеңде оның таралу қарқынын бәсеңдетуге жол ашты",- деді Ж.Досқалиев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін