Еліміздегі ВИЧ/СПИД індетіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 5,03 оқиғаны құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі ВИЧ/СПИД індетіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 5,03 оқиғаны құрады

Еліміздегі ВИЧ/СПИД індетіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 5,03 оқиғаны құрады

Еліміздегі ВИЧ/СПИД індетіне шалдығу көрсеткіші 2003-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 5,03 оқиғаны құраса, 2002-жылы әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 4 оқиға тіркелген болатын. Бұл туралы бүгін, 19-қаңтарда мәжілістегі "үкімет сағатында" сөз сөйлеген ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Соңғы жылдарда індетке шалдығу қарқыны анағұрлым азайғанымен еліміздегі жалпы ВИЧ/СПИД-ке шалдыққандар көрсеткішінің арту ағымы сақталып отыр»,- деді Ж.Досқалиев.

Министрдің хабарлауынша, қазір елімізде шамамен ВИЧ-індетіне шалдыққан 3,5 мың адам тіркелген.
ҚР денсаулық сақтау министрі елімізде 2001-2005-жылдарға арналған СПИД індетіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, үкіметтің жанында СПИД-пен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылғанын ескертті.
«Мәселенің шешімін жалпыұлттық деңгейге көтеру соңғы кезеңде оның таралу қарқынын бәсеңдетуге жол ашты»,- деді Ж.Досқалиев.

Соңғы жаңалықтар