Еліміздегі жалпы білім беретін 1,4 мыңнан астам мектепке осындай қызметпен айналысуға лицензия берілмеген - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі жалпы білім беретін 1,4 мыңнан астам мектепке осындай қызметпен айналысуға лицензия берілмеген - Бас прокуратура

Еліміздегі жалпы білім беретін 1,4 мыңнан астам мектепке осындай қызметпен айналысуға лицензия берілмеген - Бас прокуратура

Еліміздегі жалпы білім беретін 1,4 мыңнан астам мектепке осындай қызметпен айналысуға лицензия берілмеген, соның салдарынан 350 мың оқушының білім алу құқығы бұзылған. Бұл туралы бүгін, 30-қазанда Астанада ҚР бас прокуратурасы коллегиясының отырысында аталмыш мекеменің мемлекеттік органдардағы заңдылықтың сақталуын қадағалау департаментінің бастығы Андрей Кравченко мәлімдеді.

  • 30 Қазан 2003
  • 456
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «мемлекеттік мекемелердің барлығы бірдей балалардың заңмен белгіленген құқығын қорғай бермейді». Атап айтсақ, прокурорлық тексерулер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бірақ тиісті мемлекеттік мекемелерде тіркеуге алынбаған балаларды үнемі анықтайды. «Осындай оқиғалардың барлығының да байыбына баруға тырысып жатырмыз «,- деді А.Кравченко.

Алайда, оның пайымдауынша, «бұған кінәлі адамдарды жазалаудан жағдай оңалып кетпейді». ҚР бас прокуратурасының мәліметіне жүгінсек, қазіргі жағдаймен республикамыз бойынша тұтастай алғанда қамқоршылық жөніндегі органдарда кәмелеттік жасқа жетпеген 5 млн. баланың мәселесін 170 адам жауаптанады. Ал кейбір аймақтарда, бір қызметкерге 49 мыңнан (мәселен Алматыда) келсе, кейбір аймақтарда 91 мыңға дейін (Шығыс Қазақстан облысында) жетеді екен. «Мұндай ауыр жұмыс жүктемесі балалар құқығымен толыққанды айналысуға мүмкіндік бермейді»,- деді А.Кравченко.
Тұтастай алғанда, бас прокуратураның мәліметіне жүгінсек, елімізде ата-анасынан айрылған 92 мың жетім бар. Олардың 69 проценті қамқорлыққа берілсе, 14 проценті асырап алынған, ал 17 проценті жетімдер үйіне орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар