Еліміздегі жекелген аудан әкімдерінің сынақ түріндегі сайлауы 2005-жылдың 12-тамызында өтеді - толықтырылған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі жекелген аудан әкімдерінің сынақ түріндегі сайлауы 2005-жылдың 12-тамызында өтеді - толықтырылған нұсқа

Еліміздегі жекелген аудан әкімдерінің сынақ түріндегі сайлауы 2005-жылдың 12-тамызында өтеді - толықтырылған нұсқа

Еліміздегі жекелген аудан әкімдерінің сынақ түріндегі сайлауы 2005-жылдың 12-тамызында өтеді. Бұл туралы бүгін, 21-маусымда Орталық сайлау комиссиясының жиынында комиссия төрағасы Оңалсын Жұмабеков құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Маусым 2005
  • 721
Фото - Caravan.kz

«Еліміздің жекелеген аудандары әкімдерінің сынақ түріндегі сайлауын өткізу елімізде демократияны дамытуға жасалған маңызды қадамдардың бірі болмақ»,- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. Ол сынақ түріндегі сайлау ҚР президентінің «Еліміздің жекелеген аудандарының сынақ түріндегі әкімдер сайлауын өткізу тәтіптері туралы» жарлығына сәйкес іске асырылатынын еске салды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы осы құжатқа сәйкес бірқатар облыс әкімдерімен бірлесе отырып, сайлау өткізілетін аудандардың саны мен тізімін айқындады. О.Жұмабековтың айтуынша, осындай жұмыстардың нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы Алматы облысының Ескелді, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Батыс Қазқстан облысының Жаңғала, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында сайлау өткізуге ұйғарым жасап, сайлауға дайындық және оны өткізуге қатысты негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоостың хабарлауынша, күнтізбелік жоспарға сәйкес, үміткерлердің атын ұсыну 2005-жылдың 27-маусымында басталып, 17-шілдеде аяқталады, ал үміткерлерді тіркеу 2-шілдеде басталып, 17-шілдеде аяқталады, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары барлық үміткерлер тіркеліп біткен күні басталып, 10-тамыз күні 24 сағатта аяқталады. Дауыс беру, дауыс санау және дауыс беру қорытындысын жария етуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 12-тамыз күні жүзеге асырады.
«Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары әкім сайлауының қорытындысы туралы хаттама толтырып, сайлау қорытындысына қатысты хабарламаны жергілікті БАҚ-тарда жария етеді»,- деді В.Фоос. Оның айтуынша, сайланған әкімді тіркеу мен ол туралы шешімді аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан жоғарғы сатылы әкімге таныстыру 2005-жылдың 16-тамызына дейін іске асырылуы тиіс. Осыдан кейін жоғары сатылы әкім сайланған әкімді бір тәулікте тағайындайды.
В.Фоостың айтуынша, сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, аудан әкімдерін аудандық мәслихаттардың депутаттары сайлайды.
О.Жұмабековтың түсініктемесіне сәйкес, аудан әкімінің лауазымынан үміткерді мәслихат депутаттарына облыс әкімі таныстырады. Сайлауға екіден кем емес үміткердің аты ұсынылуға тиіс.
Әкімдер төрт жыл мерзіммен сайланады. О.Жұмабековтың журналистер сауалына берген жауабына жүгінсек, сайланбалы әкімдердің өкілеттілігін тоқтату мен оларды қызметтен босату ережелері сынақ түріндегі сайлауды өткізу тәртіптерінде қарастырылған. Мәселен, сайланған әкім өзіне жүктелген міндетті тиісті деңгейде орындай алмаған және ол ұзақ мерзімге еңбек қабілетінен айрылған жағдайларда оны лауазымынан уақытынан бұрын босатуға болады. «Сайланған әкім аудан немесе қалалық прокурордың алдын-ала қорытындысы болған жағдайда және онымен тиісті аудандық мәслихат депутаттарының үштен екіден кем емес бөлігі келіскен жағдайда жоғары сатылы әкімнің шешімімен қызметтен босатылады»,- деді О.Жұмабеков. Оның пікірінше, «аудандық мәслихаттың келісімін алу — сайланған әкімнің тек облыс әкіміне ғана тәуелді жағдайда жұмыс істемеуіне қосымша кепілдік бола алады».
«Аудан әкімдерінің сайлауына қатысты қазіргі тәртіптер басқа да өкілетті және атқарушы мемлекеттік органдардың сайлауында да міндетті түрде қолданылады деген уәж айтуға негіз жоқ»,- деді О.Жұмабеков. «Бұл тәртіптің қаншалықты өміршеңдігін сынақ нәтижесі көрсетеді. Алдағы уақытта аудан әкімдерін сайлау туралы мәселе ел бойынша шешілгенде әкімдерді сайлаудың мүлдем басқаша тәртібі қабылдану мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта