Еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің даму бағыты мен қарқыны қаншалықты? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің даму бағыты мен қарқыны қаншалықты?

Еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің даму бағыты мен қарқыны қаншалықты?

Тәуелсіздік алғалы айтылып келе жатқан бұл мәселенің жақын арада түбегейлі шешілмесі белгілі. Бірақ қазірдің өзінде мамандандырылған орта білімді оқу орындары ашылып жастарға қажетті білім берумен айналысуда. Қысқы демалыстан кейін сайлаушыларымен кездесіп жүрген депутат қауымы жергілікті жерлерде дәл осындай оқу базаларын қарауды да ұмыт қалдырмады. Бүгін Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Алматыдағы жаңа технологиялар колледжіне бас сұқты.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 315
Фото - Caravan.kz

Темір тұлпарлардың ақауын жөндеуге машықтанған бұл мамандардың ұпайлары түгел. Саймандары сай, шетелдікіне мұқтаж емес. Колледж студенттері тізіліп тұрған бұл көліктерді өздері құрастырыпты. Және құрал-жабдықтардың дені өз қолдарымен жасалған. Мәжіліс депутатының сапары да дөп келіпті соған. Студенттердің ресми демалысына қарамастан, оқу орнында ондағаны жүр.

Азамат Медетов, студент:

— Біз шетелден алып келген небір аппараттармен, қондырғылармен жұмыс істейміз. Теорияда оқып үйренгенімізді практикалық тұрғыда көрсетеміз сол маған ұнайды.

Оқу орнында заманауи техника да жетерлік екен. Мәселен, кез көлікті зақым келтірместен аударып төңкеретін станок. Яки көліктің астына түсіп тетік іздеп қор болудың қажеті жоқ енді. Одан бөлек көлік қозғалтқышын арнайы химикаттар арқылы жуып тазалайтын қондырғы ойлап тауыпты студенттер. Автомобильге еш зақым келмейді-мыс. Мұны да лайықты бағалаған депутат, пошымын келтірсе бренд болар деп кетті.

Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:

— Осы аппаратураларды әдемі қып жасау керек, дизайн керек. Әдемілеп бояу керек. Егер сондай сыртқы түрі әдемі болғанда оны халықаралық көрмелерге шығаруға болады.

1500 студент оқитын оқу орнында тігіншілерде тап-тұйнақтай табысты оқуды. Бірнеше киім үлгілерін тігіп беруге қабылетті бойжеткендер, кейбірін саудаға салуды да ойластырып қойыпты. Үздік шыққан жұмыстарының бірін Дариға Нұрсұлтанқызының иығына жапты. Ал депутат өз кезегінде мұндай қабілетті мамандар жерде қалмайды деп бек сеніммен айтты.


Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты: 

Әр қайсысымыз әдемі киінгіміз келеді. Әрине өзімізде тігілген өте ыстық өте жақын көрінеді. Ал олардың сапасын өсіруге мына жерде жас өспірімдерді дайындап оқытып жатыр. Егер мамандардың сапасы биік болса табатын ақшасы да көбірек болады. Соған қарағанда осы балалар әрқашан өздеріне нан таба алады, жұмыс орындары табылады.

Жастардың қолымен жасалған тағы бір жаңалық — мына жылыжай. Мұнда өсімдіктерді суару, құнарландыру, жарықпен қамтамассыз ету жұмыстарының барлығы автоматтандырылған. Яғни адам күшіне аса мұқтаж емес. Қазірдің өзінде студенттердің 1 жылға жуық жасаған жобасына құда түсіп жатқандар бар көрінеді. Ал жастар болса жұмысымызға ешкім жиендік жасамай тұрғанда жобамыз жайлы жақын арада жаһанға жар салсақ дейді.