Еліміздің барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді

Еліміздің барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді

Биыл 9 айдың ішінде бұл орталықтар 23 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті

  • 24 Қазан
  • 11
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде шамамен 14 мың бала, 9 мыңнан астам ата-ана жеке консультация мен психологиялық көмек алған.

— Егер сіз зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке тап болсаңыз немесе бала қауіпсіздігіне қатер төнгенін байқасаңыз, Психологиялық қолдау орталығына жүгініңіз. Мамандар балалар мен ата-аналарға кәсіби көмек көрсетіп, құпиялылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, — делінген ақпаратта.

Аталған орталықтардың қызметі Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып келеді. 

Перейти к новостям спорта