Еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны Талдықорғанда дүниеге келген - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны Талдықорғанда дүниеге келген

Еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны Талдықорғанда дүниеге келген

Қазақстан халқының саны биыл 1 маусымда 18 миллион 14 мың адам болды.

  • 5 Шiлде 2017
  • 374
Фото - Caravan.kz

Ал 11 мамырда Талдықорғанда дүниеге келген Саматқызы Муслима еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны атанды, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Саматқызы Муслима 11 мамыр күні Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келді.  Туған кездегі нәрестенің салмағы туу сәтінде 3300 грамм, ал бойы 51 см болды. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады: анасы – Омарханова Диана Ерикқызы – дефектолог, 1991 жылы туған, әкесі – Бестыбаев Самат Еркинбекұлы — мұғалім — 1982 жылы туған", — деп атап өтті министрліктегілер.

Ведомствода атап өткендей, 18-ші миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: халқы санының өсім (туу және иммиграция) және төмендеу (өлім және эмиграция) компоненттерін ескере отырып жасалды. Комитет 18-ші миллионыншы тұрғынды АХАТ органдары 2017 жылғы 11 мамырда тіркеген туу туралы акт жазбалары мәліметтері негізінде қалыптастырылған туған күндер базасындағы туған балаларды іздеу жолымен анықтады. 

"Кандидатура олардың аналарының тұрғылықты жеріне (қалалық/ауылдық жер),  олардың білім деңгейі мен кәсіптер түріне, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің жынысы, салмағы мен бойына қарамастан тұтастай алғанда республика бойынша анықталды", — делінген хабарламада.


Жалпы, тәуелсіздіктің жылдар ішінде халық саны 1 562,5 мың адамға немесе 9,5%-ға өсіп, ағымдағы жылдың 1 маусымға 18 014,2 мың адамды құрады.

Перейти к новостям спорта