Жарияланды: 4600

Еліміздің 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы мақұлданды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы мақұлдады.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, Елбасының өкімімен 1996-жылдың 30-сәуірінде экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қабылданғаннан бері еліміздің қоғамдық дамуында күрделі өзгерістер болды. Мемлекетіміздің дамытудың стартегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамаларының негізі қаланды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылып, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Ал жаңа тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады. Олардың ішінде экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілемелі дамуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізудің біртұтас жүйесін енгізу, ҚР аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады. Жаңа тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде (2004-2007-жылдар) Қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007-жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, іске асырылатын, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, өндіріс және тұтыну қалдықтары, экологиялық аудит туралы мәселелерді реттеуге бағытталған заң актілері әзірленетін, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай жүйесі құрылатын болады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған ; 2015-жылға дейін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі; су үнемдеу жөніндегі; шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдар; халықтың ішкі көші-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылық мақсатқа пайдалану ; байырғы ластануларды жою жөніндегі ; өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі ; әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондары аумағының экологиялық жай-күйінің мониторингі жөніндегі бағдарламаларды іске асыру жоспарлануда. Екінші кезеңде (2008-2010-жылдар) қоршаған ортаны қорғаудың 2008-2010-жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жолымен тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін және қоршаған ортанын жай-күйін сапалы жақсартудың үшінші кезеңінің басталуын қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғаудың жүйесін құру процессі толық аяқталуы тиіс. Үшінші кезеңде (2011-2015-жылдар ) барлық белгіленген бағдарламаларды аяқтау нәтижесінде қоршаған орта нысандары сапасының нормативтік көрсеткіштері және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізілуі, қоршаған ортаға әсерді азайтудың қамтамасыз етілуі, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесі қалыптастырылуы тиіс. Еліміздің 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы ресми БАҚ-тарда жарық көрді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін