Еліміздің 4 облысындағы мектептерде кітап жетіспейтіні анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің 4 облысындағы мектептерде кітап жетіспейтіні анықталды

Еліміздің 4 облысындағы мектептерде кітап жетіспейтіні анықталды

Жаңа оқу жылы оқулықсыз басталмақ! Еліміз бойынша биыл 4 облыста кітап жетіспей, көп мектеп 1 қыркүйекке дайын болмай шықты. Білім министрлігі бұған әдеттегідей облыстық әкімдіктегілерді кінәлап отыр.

  • 25 Тамыз 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

Өйткені олар оқулыққа тапсырыс пен тиісті қаржыны кешіктіріп берген екен. Сондықтан Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарына кітап әлі жеткізілмей жатыр. Ал негізінен еліміздің әрбір мектебі тамыздың 10-ына дейін оқулықпен қамтамасыз етілуі керек болған. Сондықтан кітапты уақытында жеткізе алмаған облыс шенділеріне құзырлы министрлік тамыздың 27-сіне дейін уақыт беріп отыр. Әрі оларды тиісті жазаға тарту мәселесі қаралып жатыр.

Әлтайыр Ахметов, ҚР БҒМ Бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

— Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі тіпті оқулық сатып алуға бір жарым миллард теңге жеткізбей берген. Осы туралы Үкіметке хабарладық. Олар тиісті жаза қолдануы тиіс. Ал,кітапқа  тапсырысты дұрыс берген білім басқармасындағыларды облыс әкімдерінің өздері жазалайтын болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар