Жарияланды: 480

Еліміздің 4 өңірінде әлі күнге дағдарыстық орталық құрылмаған

Еліміздің 4 өңірінде әлі күнге дағдарыстық орталық құрылмаған. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында мәлім болды.

Естеріңізге сала кетейік, Комиссия отырысы барысында Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында мамандандырылған отбасы мен балаларды әлеуметтік қамсыздандыру институттарын, отбасыларына дағдарыстан шығу жөніндегі мамандандырылған психологиялық-педагогикалық көмек қызметтерін дамыту туралы мәселе қаралған болатын. Осыған орай Ұлттық комиссия өңірлердегі мамандандырылған психологиялық-педагогикалық көмек қызметтерін дамыту жөніндегі жұмыстың жай-күйін зерделеп, бірқатар қорытындылар шығарды. Атап айтқанда, комиссия Батыс Қазақстан облысы елдегі әлі күнге дейін дағдарыстық орталық құрылмаған 4 өңірдің бірі екендігін атап өтеді. Сондай-ақ облыс бюджетінде ҮЕҰ жобаларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жыл сайынғы қаржыландыруды қамтамасыз ету қажеттігі айтылады. Ал Қарағанды облысында қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға қолдау және психологиялық көмек көрсету қызметін ұйымдастыруда мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылының оң тәжірибесі байқалған. «Бұл жерде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия үйлестірушілік рөл атқарады. ЮНИСЕФ БҰҰ Балалар қорының «Арнайы қызмет көрсетулердің интеграцияланған моделін іске асырудың бес қадамы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірде «Балалар мен отбасыларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемесін ашу қолға алынған. Әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға мемлекеттік тапсырыс бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 дағдарыстық орталық ашылған», - делінген Ұлттық комиссия отырысында таратылған ақпараттық хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін