Жарияланды: 310

Еліміздің 6 облысы аумағындағы республикалық жолдардың учаскелері жабылды

Боранға байланысты еліміздің 6 облысы аумағындағы республикалық жолдардың учаскелері жабылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысы бойынша 12 қаңтардан бері "Үшарал-Достық" жолының 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар бүгін сағат 13.30 бастап "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымында "Үшарал-Шығыс Қазақстан обл. шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. Шығыс Қазақстан облысы аумағында сағат 10.00 бастап "Алматы-Өскемен" жолының 977-1075 шақырымындағы "Қалбатау-Қ.Қайсенов" аралығында да автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Мұнымен қоса сағат 11.00 бастап қолайсыз ауа райына байланысты "Семей-Новоалтайский-РФ шекарасы" жолының 2-113 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ бүгін сағат 12.30 бастап автокөліктің барлық түрлері үшін - "Өскемен-Семей" жолының 45-198 шақырымындағы "Таврия -Семей" аралығы; - "Алматы-Өскемен" жолының 615-775 шақырымындағы "Алматы обл шекара-Аягөз" аралығы; - "Таскескен-Бахты" жолының 0-187 шақырымындағы "Таскескен айналымы-Бахты" аралығында жол жабылды. Ал сағат 14.30 бастап "Омбы-Майқапшағай" жолының 733-906 шақырымындағы "Семей қ.-с.Қалбатау" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұдан бөлек, сағат 16.00 бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" жолының 15-191 шақырымындағы "Белоусовка а.-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. 15 қаңтар сағат 17.00 бері "Өскемен-Зырян-Катон Қарағай" жолының 6-165 шақырымындағы "Степное а-Зырян қ." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Жамбыл облысы бойынша 15 қаңтар сағат 15.30 бастап "Алматы-Танкент-Термез" жолының 528-593 шақырымындағы "Айша бибі-Оңтүстік Қазақстан обл" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Қарағанды облысы өңіріндегі боран салдарынан бүгін сағат 12.30 бастап "Қызылорда-Павлодар" жолының 433-749 шақырымындағы "Жезқазған-Атасу" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Павлодар облысы бойынша бүгін сағат 18.45 бастап қолайсыз ауа райына байланысты "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 205-259 шақырымындағы "Ақмола обл.шекарасы-Шідерті" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. Сонымен қатар сағат 14.30 бастап "Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы" жолының 82-112 шақырымындағы "Шарбақты-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Оңтүстік Қазақстан облысы өңірінде бүгін сағат 16.00 бастап "Алматы-Ташкент-Термез" жолының 593-658 шақырымындағы "Жамбыл обл. -Жібек жолы а." аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты. «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін