Еліміздің 640 үздік мұғалімі Түркияның Анталиясына демалуға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің 640 үздік мұғалімі Түркияның Анталиясына демалуға аттанды

Еліміздің 640 үздік мұғалімі Түркияның Анталиясына демалуға аттанды

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері республика күні тұңғыш рет еліміздің 640 үздік мұғалімі төрт қаладан Анталияға (Түркия) демалуға ұшып кетті. Бұл акцияны ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2008
  • 493
Фото - Caravan.kz

Астана Халықаралық әуежайында өткен салтанатты шығарып салу рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев қатысты.

«Құрметті әріптестер, бүгін мен үшін аса қуанышты күн. Біріншіден, бүгін біз Республика күні мерекесін тойлап жатсақ, екіншіден баяғыдан бері ойға алып жүрген ісіміз жүзеге асты. Біз білім беру жүйесіне жаңа технологиялар мен жаңаша ойлар енгізуге ат салысып, осы бағытта жетістікке жетіп жүрген үздік мұғалімдерге қолдау көрсеткіміз келді. Бүгін міне, еліміздің үздік мұғалімдері Анталияға демалуға бара жатыр. Үздік ұстаздарға көмек көрсету дәстүрін бұдан былай да жалғастыра береміз деген ойдамын. Олардың еңбегі бағалауға тұрарлық, — деді Ж.Түймебаев. — Білім беру саласы қашан да елдің назарында. Атқарылған істер аз емес. Жыл сайын білім беру ұйымдарының желісі көбейіп келеді, олардың материалдық-техникалық базасы да жақсаруда. Үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер ашылып жатыр».

Әлемдік білім кеңістігіне кірігу мақсатымен шет тілі мен информатиканы ерте жастан оқыту қолға алынды. Оқыту процесіне көпқызметті интерактивтік құрылғы енгізілді, Еуропа, Америка және Азия елдерінің жоғары оқу орындарымен байланыс артуда. Кәсіптік білім беруді дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарлама мақсатты түрде жүзеге асып жатыр. Физика-математика және химия-биология пәндері тереңдетіліп оқылатын «Өркен» атты 20 инновациялық мектеп ашу жоспарда бар. Астанада жыл соңына дейін соның екеуі пайдалануға беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар