Ақтүтек боран мен толассыз жауған қар жұртты әбігерге салды кешелі бері. Астана-Бурабай тас жолы тоқтап тұрған көлікке толы. Боранның емес, мұнда керісінше, қардың тазаланбауынан. Шымкентке бағыт алған мына жолаушылар автобусы ересектермен бірге бала-шағаға лық толы. Нәр татпаған жұрт өздерін тек ұйқымен ғана тыныштандыруда.
Еліміздің оңтүстік өңірі де биыл қардан кенде болған жоқ. Мынау Алматы-Өскемен тас жолындағы Арқарлы асуы. Еліміздегі ең қауыпті асулардың бірі. Алматы облысының прокурорлары тас жолды тексеру барысында күтпеген жәйттерге тап болған. Талдықорғанан 50 шақырым жерде далада қалып қалған жолаушылар, иен далада апатқа ұшыраған жүк көліктері. Қалың қар қыс басында қалай түсті, сол күйінде жатыр. Бюджеттен жолды қардан тазалауға қанша қаржы бөлінсе де бұл жолдың көзі ашылар емес. Неліктен тазаланбайды деп прокурорлар тексеруге кірісті.
Рүстем Маманов, Алматы облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:
— Тиісті жұмыстардың неліктен жүргізлмей жатқанын анықтаймыз. Бұл жерде жұмыс істейтін мекеме «Қазавтодордың» филалы. Шамасы, филиалдың автокөлік жолдарын қар-мұздан тазалауға күштері жетпейтін сыңайлы.
Бір өңірде қар тазаланбай жатса, екінші өңір ақтүтек боранның астында қалды. Секундына 20 метржылдамдықпен соққан жел салдарынан Семейде төменгі сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Ал, бір тәуліктің ішінде елордаға қар қалыпты мөлшерден 1 жарым есе көп түскен.
Мұндай боран кешеден бері еліміздің басқа 9 өңірінде соғып тұр. Республикалық маңызға ие жолдардың бәрінде көліктер тоқтатылып, жолдар жабылды.
Астана-Павлодар бағытына арналған бұл тас жол кешеден бері жабық тұр. Жол сақшылары 1 сағаттың ішінде жүзге жуық көлікті кері қайтарды.
Синоптиктер мұндай қарлы боран 17-інші қаңтарға қарай басылып, соңы қатты аязға ұласады,- дейді.