«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін тексеру қорытындысы бойынша қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын өрескел бұзғаны үшін ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және халыққа құқықтық көмек көрсету комитеті түрлі үш орталықтың директорын жұмыстан шығарды», — деді З. Балиева.
Оның айтуынша, Шымкент, Қарағанды мен Тараздағы орталықтардың басшылары жұмыстан шығарылған. «Сондай-ақ, Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бір филиалының басшысына қатаң сөгіс жарияланды», -деді министр.
Сонымен бірге З. Балиеваның мәліметінше, ағымдағы жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызмет көрсетуде мерзімді бұзу оқиғалары біршама азайған. «Мысалы, 2007 жылдың 8 айында орталықтар 2 млн 312 мың қызмет көрсеткен, соның ішінде құжаттардың 0,4% бойынша мерзім бұзылған. Ағымдағы жылдың осы мерзімінде көрсетілген қызметтер саны 1 млн-ға өсіп, 3 млн 356 мыңды құраса, соның ішінде уақытында көрсетілмеген қызмет 0,18% болған», -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті