Еліміздің аймақтарында да балалардың шығармашылық орталықтары қарқынды дамуда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің аймақтарында да балалардың шығармашылық орталықтары қарқынды дамуда

Еліміздің аймақтарында да балалардың шығармашылық орталықтары қарқынды дамуда

Балалар шығармашылығына қаншалықты мән береміз? Баланың арнайы бір іспен шұғылдануы керек пе?

  • 6 Наурыз 2019
  • 235
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.

Сол себепте қазіргі таңдағы негізгі талаптардың бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Зерттеушілер шығармашылыққа әр түрлі анықтама берген. Мысалы: Исаак Лернер шығармашылық әрекет деп – білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім таба білуді белгілейді.

Зерттеуші Александр Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру, болжай білу қабілеттерін атайды.

Осы орайда Caravan.kz медиа-порталының тілшісі Алматы облысына қарасты Текелі қаласындағы «Балалар шығармашылық орталығының» директоры Бейспекова Светлана Ахметқалиқызымен сұхбаттасып көрді.

— Шығармашылық орталықта қанша бала орны бар? Шығармашылық топтың неше түрі бар?

— Балалар шығармашылық орталығында 820 бала білім алады, жалпы 57 топ бар, 12 түрлі үйірме жұмыс жасайды. Атап айтсақ, домбыра, қобыз, гитара, аккордеон, би, қолөнер, бейнелеу.

— Балалар қай шығармашылық түріне көбірек қызығушылық танытады? Ән, би, бейнелеу өнері деген сияқты.

— Оқушылардың барлық үйірмегеде қызығушылықтары бар, сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі. Арнайы жоспар арқылы баланың қызығушылы мен ынтасын арттырамыз.

Қазіргі таңда әлеуметтік желінің дамыған заманында баланың көпке танымал болуға деген қызығушылығы тіпті арта түскен. Бір айта кетерлігі, баланың арнайы бір шығармашылықпен білімі мен сауатын, мәдениетін дамытып барып көпшілік алдына шыққаны нұр үстіне нұр. Себебі, білім алмаған, өзінің аз ғана өнерімен танылған бала уақытша танымал ғана болып, 1 апта, 1 ай, ары кетсе 3-

4 айлық «жұлдыз» болып қалары анық. Кейбір ата-аналар ақша табу мақсатында баланың қолына микрафон ұстатып ақша табудың көзіне айналдырып отырғанын көргенде тіпті қиналасың. Ол бір деңгейге жетуі керек. Халық сауатты. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін таниды.

Баланы қай бағытқа бұрсаң, соның нәтижесін көреміз. Балаға не берсең, соны қабылдайды. Сондықтан, біздің орталық бала үшін аянбай еңбек етуде.

— Ынтамен келген бала мен ата-анасының айтуымен келген баланың психологиясында қандай айырмашылық болады?

— Ынтамен келген бала мен ата-анасының айтуымен келген балалардың психологиясында әрине айырмашылықтар бар. Бірақ оқытушыларымыздың қызықтыруына байланысты оқушылардың өнерге деген ынтасы артып, қызығушылықтары біртіндеп пайда болады. Әр балаға әртүрлі тәсіл арқылы баланың қызушылығын ояту біздің білікті де, білімді ұстаздардың сауаттылығында. Ұстаздарымыз аянбай еңбек етуінің нәтижесінде көрсеткішіміз жоғары деңгейде.

— Республикалық байқауларға қатысып тұратын шығарсыздар. Байқауға барған бала жүлде алмаған сәтте үлкен қиындықтар туады. Баланың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді?

— Әрине, оқушыларымыз Халықаралық, Республикалық, Облыстық байқауларға ат салыса қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Байқауға барар алдында оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындап, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Сол себепті, байқауға барған бала орын алмаған сәтте қиыншылықтар туындамайды, бала өзі сияқты балаларды көріп, өнерге деген ынтасы одан ары арта түседі.

Оқушыларымыздың 2018 жылдағы Халықаралық, Республикалық байқауларда жеткен жетістіктері:

Халықаралық «Музыка жолы» байқауы:

Қуаныш Марыс (қобыз) 4 сынып 2 дәрежелі диплом

Нұрбекқызы Ақбота (қобыз) – 2 дәрежелі диплом

Халықаралық «Күншуақ» байқауы:

Серікқазы Ерлат (скрипка). 2 дәрежелі диплом.

Аязбай Ушыға (фортопиано). 3 дәрежелі диплом.

Халықаралық «Astana Stars» фестивалі:

Вагапов Дмитрий (гтара). Бас жүлде (Гран-При).

Республикалық «Алтын Шаһар байқауы»:

Рахынбаева Айгерім (домбыра). 1 дәрежелі диплом.

Сәрсебек Нұрмекен (домбыра). 3 дәрежелі диплом.

Жұмабекова Диана (дәстүрлі ән). 3 дәрежелі диплом.

«Тау самал» би тобы. 2 дәрежелі диплом.

Өте жақсы білім берудің нәтижесінде оқушыларымыз жүлделі орынның иегерлері атануда.

 

Ал, оқытушыларымыз Жаппарқұлова Т.А, Бейспекова С.А , Қадырбек Т. сынды ұстаздардың еңбектері ұнаш теңіз.

Айтып тізе берсек оқушы мен оқытушының жүлделері мен жетістіктері өте көп. Мақсатымыз сапалы өнерді дамыту, әр баланы баптап барып, бәйгеге қосу. Біз тек бұл жерде Халықаралық және Республикалық жүлденің бірен-саранын ған көрсетіп отырмыз. Негізінде, алған білімін көрсету, дәлелдеу, тиянақтау мақсатында, өздерін шыңдау, алға деген ұмтылыстарын арттыру мақсатында әр балаға аса ден қойып сайыстарға қатыстырып жүреміз. Сайыста өзін дәлелдей білген баланың ынтасы арта түсетіні сіз бен бізге мәлім дүние екені сөзсіз.

— Балаларды қай жастан бастап қабылдайсыздар?

— Балаларды әр үйірмеге әр түрлі жастан қабылдаймыз. Мысалы аспаптарға 9 жастан қабылдаймыз, басқа үйірмелерге, дайындық тобына 6-7 жастан қабылдаймыз.

Қазіргі таңда ата-ананың да, баланың да көзі ашық. Бәрі де бір жетістікке жету мен өзін дамыту үшін кем дегенде бір шығармашылық іспен айналысқанды жөн деп санайды. Бұл біз үшін қуанарлық жайт.

— Сіздермен бәсекелес басқа да жекелеген шығармашылық орталықтар бар ма?

— Әзірге қаламызда біздің орталықтан басқа шығармашылық орталықтары жоқ.

— Балаларға тілегіңіз.

— Балалар — біздің болашағымыз. Балалар — біздің үмітіміз. Балалар – ұрпағымызды жалғаушы. Осы ұрпаққа саналы да, сапалы білім беру біздің басты міндетіміз. Әр баланы өз баласындай баптаған ұстаз қашанда жемісін көрері сөзсіз. Бұл біздің шығармашылық орталықтың мақсаты.

Оқыт бізді, әкетай,

Қам көңілім болсын жай.

Надандықтан құтқарып,

Қуанта көр, құдай-ай!

Көңіл менен көзді ашып

Қуанта көр, құдай-ай!

Аяндардың пітінесін

Суалта көр, құдай-ай!

Надандықта қор қылма,

Миллетке бізді сор қылма,

Микробтарды зор қылма,

Рақым айлап, құдай-ай!, — деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір баланың тілек батасы» өлеңімен аяқтағанды жөн көрдім.

 

Сұхбаттасқан Назира Абсаттарова