Еліміздің алтынвалюта резервтері 2005-жылдың қаңтар айында 0,7%-ке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің алтынвалюта резервтері 2005-жылдың қаңтар айында 0,7%-ке өсті

Еліміздің алтынвалюта резервтері 2005-жылдың қаңтар айында 0,7%-ке өсті

Еліміздің алтынвалюта резервтері, тұтастай алғанда қаңтарда Ұлттық қордың ақшасын қоса есептегенде (алдын-ала деректер бойынша 5148,3 млн. долл.) 0,7%-ке өсіп, 14,4 млрд. долларға жетті. Бұл туралы бүгін, 2-ақпанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов хабарлады.

  • 2 Ақпан 2005
  • 435
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен алғанда 0,1%-ке өсіп, 9,2 млрд. долларға жетті. Ұлттық банктің ішкі валюта рыногында валюта сатып алуы және ҚР қаржы министрлігінің сыртқы қарызын өтеу мен Ұлттық қордың активтерін толықтыру ішкі рыноктан валюта сатып алу және ҚР үкіметінң есепшотына валюта түсуі есебінен бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюта қоры 32,0 млн. долларға артты. Әлемдік нарықтағы алтын бағасының 3,2%-ке арзандаруы салдарынан алтын түрінде сақталып отырған активтер 21,5 млн. долларға азайды.

2005-жылдың қаңтарында үкімет есепшотындағы қаржы көлемінің ұлғаюына орай Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің азаюы ақша базасының 15,9%-ке қысқарып, 485,8 млрд. теңгеге жетуіне себеп болды.
2004-жылы жалпы алғанда ашқа массасы 68,2 процентке өсіп, 1,63 трлн. теңгені құрады. Ел экономикасындағы таратылған кредиттер мөлшерінің артуына байланысты банк жүйесі мен несиелік серіктестіктердің сыртқы активтерінің 64,7 процентке, ал олардың ішкі активтерінің 71,1 процентке өсуі ақша массасының өсуіне әсер еткен басты себеп болмақ. 2004-жылы айналымдағы қолма-қол ақша мөлшері 59 процентке өсіп, 379,3 млрд. теңгеге жетті. «2004-жылғы айналымдағы қолма-қол ақшаның өсімі соңғы 9 жылдағы, ал ақша массасының өсімі соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады»,- дейді Ұлттық банктегілер.

Перейти к новостям спорта